«Астана Аренада» өткен матчта алаң иелері Уэльс құрамасынан 0:1 есебімен жеңілді
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын сәтсіз өткізді. Астанадағы «Астана Аренада» өткен матчта алаң иелері Уэльс құрамасынан 0:1 есебімен жеңілді.
Кездесудегі жалғыз голды 24-минутта шабуылшы Киффер Мур соқты.
Ойын барысында қазақстандық футболшылар белсенділік танытып, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен есепті теңестіруге мүмкіндік болмады.
Осылайша, төрт турдан кейін Қазақстан құрамасының қоржынында бір ғана жеңіс және үш жеңіліс бар. Ұлттық команда J тобында өнер көрсетіп жатыр. Бұл топқа Уэльс, Қазақстан, Бельгия, Лихтенштейн және Солтүстік Македония енеді.
Алдағы ойындар қазақстандық футболшылар үшін шешуші болмақ. 7 қыркүйекте Әли Әлиевтің шәкірттері Брюссельде Бельгия құрамасымен кездеседі.