Қазіргі кезде төрт клубқа инвесторлар таблылған.
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Туризм және спорт министрлігіне футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесін әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«Туризм және спорт министрлігіне өңірлермен бірлесіп, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін футбол клубтарын жекешелендіру бойынша жоспар-кесте әзірлеу тапсырылды», – делінген ресми Telegram-арнада жарияланған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында кәсіби спортты тек әлеуметтік құбылыс ретінде ғана емес, көптеген елдерде қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде қарастыру қажеттігін атап өткен болатын.
Қазіргі кезде төрт клубқа инвесторлар таблылған.