Бельгия – Швеция матчын көруге келген швед жанкүйерлерін ИГИЛ мүшесі атып өлтірді

Редактор
17.10.2023, 16:05

Қылмыскер бұрын да теракт үшін сотталған болып шықты

Фото ашық дереккөзден

Брюссельде футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдерінің кезекті ойыны кезінде атыс болып, Бельгия мен Швеция арасындағы матч кейінге қалдырылды. Сол сәтте автоматпен қаруланған белгісіз адам стадион маңындағы жанкүйерлерге оқ жаудырған. 

Оқиға кезінде ол екі ер адамды өлтіріп, бір әйелді жаралап үлгерген. Ойын кезінде марқұм болғандардың екеуі де Швеция құрамасының жанкүйерлері болған екен. 

Осы жағдайға байланысты Бельгия – Швеция матчының екінші таймы кейінге қалдырылды. Скутермен қала кезіп жүрген лаңкес араға бірнеше сағат салып, дәмханалардың бірінде ұсталды. Ол полиция оғынан қаза тапты. 

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, күдікті – ИГИЛ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым – авт.) мүшесі болып шықты. Ол 45 жаста екен. Оқ атардан бұрын өзінің лаңкестік ұйым мүшесі екенін жазып қалдырған. Бұл әрекетін ол кек алу мақсатындағы жол деп түсіндірген.

Айта кететін бір жайт, атыс жасаған адам бұрын лаңкестік бойынша сотталып, түрмеде жазасын өтеген көрінеді.

Материалда: