Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Көз тиген бе?»: Темірлан Анарбеков жағын сындырып алды

Редактор
Бүгін, 10:27

Футболшыны ауруханаға алып кеткен

ФК «Қайрат»

Алматыдағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы Премьер-лиганың 23-тур ойынында күтпеген жағдай орын алды. Ойынның 10-минутында алматылық клубтың негізгі қақпашысы әрі ұлттық құраманың ойыншысы Темірлан Анарбеков қарсылас Жайро Жанмен соқтығысып, ауыр жарақат алды. Қақпашының жақ сүйегі сынғаны анықталды.

Оқиға орнында дереу медициналық көмек көрсетіліп, араға 20 минут салып стадионға жедел жәрдем келіп, футболшыны ауруханаға алып кетті. Анарбеков ойынның 13-минутында алаңды босатып, оның орнына 18 жастағы Шерхан Қалмұрза қақпашы қызметін жалғастыруға шықты.

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков биыл жазда жанкүйерлер есінде ерекше ойындарымен қалған еді. Чемпиондар лигасына жолдама беретін шешуші матчтағы пенальти сериясында ол қарсыластың бес соққысының үшеуін қайтарып, «Қайраттың» топтық кезеңге өтуіне үлкен үлес қосты.

Желі қолданушылары қақпашыға «көз тиді» деп жарыса жазып, кейбірі ақтөбелік футболшылардың әрекетін сынға алып жатыр.

Клуб 18 қыркүйек күні Чемпиондар лигасы аясында Португалияның «Спортингіне» қарсы ойын өткізеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама