Жарнама
Жарнама

Қазақстан Ресей құрамасының УЕФА-ға оралғанын қолдады

Редактор
18.09.2025, 11:21

Ресей құрамасы мен клубтары 2022 жылдан бері ФИФА мен УЕФА аясындағы барлық жарыстардан шеттетілген.

Фото: sport5.by

Ресей футбол одағының (РФС) іс-шаралар және маркетингтік коммуникациялар департаментінің директоры Кирилл Терешиннің мәлімдеуінше, жеті еуропалық мемлекет Ресей құрамасы мен клубтарының халықаралық жарыстарға толыққанды қайтып оралуын қолдап отыр.

«УЕФА атқару комитеті ресейлік командаларды халықаралық жарыстарға жіберу тәртібін жеңілдету мәселесін талқылады. Болгария, Сербия, Босния және Герцеговина, Греция, Венгрия, Қазақстан және Әзербайжан Ресейдің толыққанды оралуын қолдады. Ал Швеция, Финляндия және Норвегия әйелдер мен жастар құрамалары үшін қазіргі шектеулерді жеңілдетуге дайын.Испания, Португалия, Италия, Чехия, Швейцария, Словакия және Словения бұл мәселені тек УЕФА-ның келісімі болған жағдайда талқылауға әзір», - деп жазды Терешин өзінің Telegram-арнасында.

Еске сала кетейік, Ресей құрамасы мен клубтары 2022 жылдан бері ФИФА мен УЕФА аясындағы барлық жарыстардан шеттетілген.

Реклама
Реклама

Материалда: