Жарнама
Жарнама

Винисиус, Мбаппе: «Реал» Алматыда алғашқы минуттан шығатын құрамын жариялады

Редактор
30.09.2025, 20:34

Басталуы — Астана уақытымен 21:45.

"Реал Мадрид" баспасөз қызметі

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы өтетін ойынға арналған старттық құрамды жариялады.

Алғашқы минуттардан бастап алаңға шығатын ойыншылар тізімі мынадай:

Куртуа, Асенсио, Хёйсен, Алаба, Гарсия, Чуамени, Себальос, Гюлер, Мастантуоно, Винисиус, Мбаппе.

Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы — Астана уақытымен 21:45.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда алматылықтар сырт алаңда «Спортингке» 1:4 есебімен жол берген еді. Ал «Реал» өз алаңында «Марсельді» 2:1 есебімен ұтып, алғашқы жеңісін тойлады.

Бұл кезеңде «Қайраттың» қарсыластары арасында «Арсенал», «Интер», «Брюгге», «Копенгаген», «Олимпиакос» және «Пафос» клубтары да бар.

Реклама
Реклама

Материалда: