Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Қайраттың» жас шабуылшысы Англия клубының назарына ілікті

Редактор
07.10.2025, 17:29

Азамат Тұяқбаев «Жетісуға» қарсы матчта алғашқы голын соққан еді

әлеуметтік желі

Алматылық «Қайраттың» 18 жастағы шабуылшысы Азамат Тұяқбаевқа Англияның екінші деңгейлі лигасында көш бастап тұрған «Ковентри Сити» клубы қызығушылық танытты.

Ағылшын клубының скауттары мен бас бапкері, Англия құрамасының бұрынғы жұлдыз ойыншысы Фрэнк Лэмпард жас қазақстандық футболшыны УЕФА жастар лигасындағы «Спортингке» қарсы өткен ойында (2:3) байқап, ерекше назар аударған. Сол кездесуде Азамат Тұяқбаев дубль жасап, жоғары техникасы мен шабуылдағы шеберлігін айқын көрсетті.

Жас ойыншы жақында Қазақстан Премьер-лигасында «Жетісуға» қарсы өткен матчта (5:0) «Қайраттың» негізгі құрамындағы алғашқы голын соғып, өз әлеуетін тағы дәлелдеді.

Айта кетсек, тоғыз тур қорытындысы бойынша «Ковентри Сити» Англияның екінші дивизионында 19 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал клубтың шабуылшылары Хаджи Райт пен Брэндон Томас-Асанте маусымның үздік үш бомбардирінің қатарына енген.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: