Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Криштиану Роналду тарихтағы алғашқы миллиардер футболшы атанды

Редактор
08.10.2025, 14:22

Ол 400 миллион доллардан асатын жаңа келісімшартқа қол қойған

Zuma\TASS

Bloomberg Billionaires Index мәліметінше, португалдық шабуылшы Криштиану Роналдудың жеке байлығы 1,4 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр. Осылайша ол әлем тарихындағы алғашқы футболшы-миллиардер атанды.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, 40 жастағы Криштиану Роналду маусым айында Сауд Арабиясының «Ән-Наср» клубымен жалпы құны 400 миллион доллардан асатын жаңа келісімшартқа қол қойған.

2002-2023 жылдар аралығында португалиялық шабуылшы футболдағы мансабы арқылы 550 миллион доллардан астам табыс тапқан. Бұған қоса, ол Nike компаниясымен жылына шамамен 18 миллион долларлық 10 жылдық келісімшартқа отырған. Сонымен қатар Armani және Castrol сынды әлемдік брендтермен серіктестік орнатып, жеке табысын тағы 175 миллион долларға арттырған.

2023 жылы «Ән-Наср» клубына ауысқаннан кейін Роналду жылына шамамен 200 миллион доллар табыс табады. Бұл соманың ішінде салықсыз жалақы, түрлі бонустар және 30 миллион доллар көлеміндегі қол қою сыйақысы бар.

Бес дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду – заманауи футболдың символына айналған тұлға. Ол мансабы барысында «Спортинг» (Лиссабон), «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» клубтарында ойнап, бес рет Чемпиондар лигасын, үш рет Англия чемпионатын және бір реттен Испания мен Италия біріншіліктерін жеңіп алған.

Португалия құрамасының сапында ол 223 матч өткізіп, 141 гол соққан. Роналду – 2016 жылғы Еуропа чемпионы әрі УЕФА Ұлттар лигасының екі дүркін жеңімпазы.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама