Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

«Ақша жібермеңіздер»: Дастан Сәтпаев шұғыл мәлімдеме жасады

Редактор
10.10.2025, 16:08

Cпортшы фейк деп атаған парақшаға 60 мыңнан астам адам жазылған

әлеуметтік желі

«Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сатпаев жанкүйерлеріне үндеу жолдап, өз атынан ашылған жалған парақшаларға сенбеуді сұрады.

Футболшы Instagram желісінде жазба жариялап, соңғы уақытта оның есімімен ашылған фейк аккаунттардың көбейіп кеткенін ескертті.

«Бұл — жалған аккаунт. Ешкімге ақша жібермеңіздер», — деп жазды Дастан Сатпаев.

Белгілі болғандай, спортшы фейк деп атаған парақшаға 60 мыңнан астам адам жазылған. Ал Дастан Сатпаевтың ресми парақшасында 201 мың жазылушы бар. Екі аккаунтты шатастыру  өте оңай, себебі екеуінде де футболшының «Қайрат» клубында және ұлттық құрама сапында ойнайтыны көрсетілген.

Бұдан бөлек, жалған парақшадан Threads желісіндегі тағы бір аккаунтқа өтуге болады. Онда футболшының атынан жазылған түрлі хабарламалар жарияланған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама