Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Месси мен «Барселона» арасындағы шиеленістің себебі белгілі болды

Редактор
13.10.2025, 11:56

Месси 2021 жылы «Барселонадан» кеткен еді

fcbarcelona.com

«Барселона» клубының президенті Жоан Лапорта бұрынғы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессимен арадағы қарым-қатынас туралы айтты.

«Біз ұзақ уақыт бойы өте жақсы қарым-қатынаста болдық. Бірақ келісімшартты ұзартпаған кезде ара-қатынасымыз сәл бұзылды. Кейін оны біршама қалпына келтірдік. Біз оған лайықты құрмет көрсету шарасын ұйымдастырғымыз келеді», – деді Лапорта Mundo Deportivo-ға берген сұхбатында.

Еске салайық, Месси 2021 жылы «Барселонадан» кетіп, «Пари Сен-Жерменмен» келісімшартқа қол қойған болатын. Каталондық клуб сапында ол 778 матч өткізіп, 672 гол соғып, 303 нәтижелі пас берген. 2023 жылы аргентиналық жұлдыз «Интер Майами» клубына ауысты.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама