Қайсар Әнуарбек есепті ашса, артынша Бекнұр Нұрлан есепті еселей түсті
15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Өзбекстан U15 құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті.
Екі голды да біздің футболшылар екінші таймда соқты. Алдымен Қайсар Әнуарбек есепті ашса, артынша Бекнұр Нұрлан есепті еселей түсті. Бұл жеңіс жас ойыншыларымыздың дайындығы жақсы деңгейде екенін көрсетіп, алдағы халықаралық турнирлерге деген қарқыны жақсы екенін көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның жастар құрамасы (U21) Ташкентте өткен жолдастық кездесуде Өзбекстан командасына 0:1 есебімен есе жіберген болатын. Екі елдің жастар құрамалары арасындағы екінші матч 14 қазанда өтеді.