«Атырау» қатарына Беларусь ойыншысы қосылды

Редактор
30.01.2024, 09:11

Ол соңғы жылдары Грекия клубтарында доп тепкен

pressball

31 жастағы беларусь шабуылшысы Николай Сигневич «Атырау»командасымен келісімге келді, деп хабарлайды 1bol.kz.

Беларусь футболшысы «Атыраудың» қатарына еркін агент ретінде қосылып отыр. Белгілі ақпарат бойынша, Сигневичпен мұнайшылар клубы 2024 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасқан.

Беларусьтегі «Смолевичи», «Динамо» Брест және БАТЭ клубтарында ойнаған футболшы беріде «Ференцварош» пен «Платаниасе» клубтарында доп тепті.

Кейін Грекияның «Аполлон Смирнис» клубында ойнаған. Ол 2023 жылдың қыркүйек айынан бері «Аполлон Смирниспен» 22 ойын өткізіп, 1 рет қарсыластар қақпасына гол соқты.