Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Шерхан Қалмырзаның анасы болашақ келінімен қыдырып жүр

Редактор
15.10.2025, 10:51

Ол Instagram парақшасына ұлының сүйіктісімен бірге түскен видеосын жариялады

Әлеуметтік желі

Алматылық «Қайрат» клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаның анасы Сәуле Рабаева әлеуметтік желіде ерекше видео жариялады.

Ол Instagram парақшасына ұлының сүйіктісі – Самира Смақовамен бірге түскен бейнежазбасын жариялаған. Кадрлардан екеуінің бір-біріне жылы ықылас білдіріп, шаттанып тұрғанын байқауға болады.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде ардагер футболшы Самат Смақовтың қызы Самира мен «Қайрат» қақпашысы Шерханның бірнеше жылдан бері көңіл жарастырғаны туралы ақпарат тараған. Мұны бойжеткеннің өзі де жасырмайды. Ал қақпашының анасы болашақ келінімен де, оның ата-анасымен де қарым-қатынасы жақсы екенін, тіпті құдағиымен құрбы ретінде араласатынын айтқан еді. 

Шерханның өзін көпшілік Чемпиондар лигасындағы матчтардан соң тани бастады. Ол алдымен сырт алаңда «Спортингпен» кездесуде қақпа күзетсе, Алматыда «Реал Мадридпен» өткен ойында да негізгі қақпашы ретінде алаңға шықты. Тәжірибесінің аздығына қарамастан, сенімді өнер көрсеткен Шерханның өнері жанкүйерлердің көңілінен шықты.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама