Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Ұлттық құраманың қақпашысы Қуат Хамитовты күш сынасуға шақырды

Редактор
15.10.2025, 18:45

Қақпашы спортшының сынына жауап берді

Коллаж 1bol.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен танымал ММА жауынгері Қуат Хамитовтың отандық футболға айтқан сынына жауап беріп, ерекше ұсыныс жасады.

Футболшы Артур Аскарұлының авторлық шоуына қонақ болып барып, бағдарлама барысында жүргізуші «Найман» лақапатымен белгілі спортшының футбол мен футболшыларды жиі сынайтынын айтып өтті. Осыған байланысты ол Сейсеннен пікірін сұрады.

 

Қақпашы бұл сұраққа сабырлы, бірақ нақты жауап қатты:

«Ол – кәсіби жауынгер, мен – футболшымын. Егер әрқайсымыз өз саламызда жарыссақ, нәтиже тең болар еді. Сондықтан қазақша тәсіл ұсынамын: ол да қазақ, мен де қазақ, ал қазақтың өз ұлттық спорты бар — көкпар. Сол алаңда бір-бірімізді сынап көрсек қалай?», – деді Мұхамеджан Сейсен.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама