Құны шамамен 135 мың еуро тұратын BMW i7 сұранысқа ие болды
Немістің атақты BMW компаниясы, мадридтік «Реал» футбол клубының ресми серіктесі ретінде, дәстүрлі түрде команда ойыншылары мен бапкерлеріне жаңа автокөліктерді табыстады.
Серіктестік келісіміне сәйкес, BMW жыл сайын клуб мүшелеріне өз үлгісіндегі соңғы модельдегі көліктерді сыйға береді. Биыл мадридтік ұжымның жұлдыздарына электр және гибридті үлгідегі көліктердің жаңа буыны ұсынылды.
Құны шамамен 135 мың еуро тұратын BMW i7 моделі футболшылар арасында ең көп сұранысқа ие болды. Бұл үлгіні Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Арда Гюлер, Эдер Милитао, Дани Карвахаль, Антонио Рюдигер, Альваро Каррерас, Эндрик және Рауль Асенсио таңдаған. Бас бапкер Хаби Алонсо да дәл осы үлгіні мінуді жөн көрген.
Команданың кейбір жұлдыздары қымбат әрі қуатты BMW XM моделін таңдады. Құны 200 мың еуроға дейін жететін бұл көлікті Тибо Куртуа, Джуд Беллингем, Родриго, Дин Хёйсен, Браим Диас және Ферлан Менди иеленген.
Бағасы шамамен 100 мың еуроға дейінгі модельдер де назардан тыс қалмады:
Франко Мастантуано — BMW i4 (шамамен 50 мың еуро)
Трент Александр-Арнольд және Эдуардо Камавинга — BMW iX (80 мың еуро шамасында)
Гансало Гарсия — BMW i5 (70 мың еуро шамасында)
Қақпашы Андрей Лунин қуатты BMW M5 моделін таңдады. Оның бағасы 160 мың еуродан жоғары.