18 жастағы вингер алдағы уақытта арнайы компаниямен жаңа келісімге қол қояды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль енді жанкүйерлерге тегін қолтаңба бермейді. Бұл шешім оның жаңа жарнамалық келісімшартына байланысты қабылданған. Бұл туралы Mundo Deportivo басылымы жазды.
18 жастағы вингер алдағы уақытта арнайы компаниямен жаңа келісімге қол қояды. Компания Ямальдың қолтаңбасы бар эксклюзивті өнімдерді – аяқ-киімдер,, жейделер және басқа да атрибутикаларды сатумен айналыспақ.
Келісім шарт бойынша, футболшы енді қолтаңбасын тегін тарата алмайды. Бұл талап өнімнің нарықтағы құнын төмендетпеу мақсатында енгізілген. Дереккөздердің айтуынша, «Барселона» басшылығы да Ямальдың қолтаңбасына қол жеткізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр, себебі клуб та ойыншылардың қолтаңбасы бар ресми атрибутиканы сатады.
Қазір келісім әлі толық бекітілген жоқ, дегенмен барлық тараптар жақын күндері келісімге қол қоюға дайын.
Айта кетейік, Ламин Ямаль бүгінде adidas, Beats, Powerade, Oppo, Konami және Nesquik сияқты әлемдік брендтердің амбассадоры. Сонымен қатар ол ЮНИСЕФ ұйымының ресми елшісі.