Бұған дейінгі рекордтың трансфер Неймарға тиесілі болатын
Францияның «ПСЖ» футбол клубы 18 жастағы испан вингері Ламин Ямальды сатып алуға ниеттеніп отыр. Goal.com және журналист Роман Молинаның мәліметінше, тарнсфер сомасы рекордтық көрсеткішке жетеді.
Ямаль мен «Барселона» арасындағы келісімшарт мерзімі 2031 жылға дейін деп көрсетілген. Құжатқа 1 млрд доллар көлемінде клаусула да енгізіліпті. Соған қарамастан, «ПСЖ» оны рекордтық сомаға сатып алғысы келеді. Соңғы рекорд та дәл осы париждік клубқа тиесілі: 2017 жылы олар 257 млн долларға бразилиялық әйгілі шабуылшы Неймарды өз қатарына қосқан еді.
Қазіргі таңда «ПСЖ» өкілдері келіссөздерді бастап кетті деген ақпарат тарағанымен, клуб басшылығы бұл туралы жақ ашпай отыр. Бейресми мәліметкен сенсек, француздар испан футболшысы үшін 277 млн доллар ұсыныпты.