Нұралы Әліп жаттығу кезінде командаласын күрес әдісімен лақтырды (ВИДЕО)

Редактор
31.01.2024, 00:05

Ресейлік командалар қазір үзіліс алған

ФК Зенит

«Зенит» футбол клубында өнер көрсететін қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп жаттығу кезінде командаласы Александр Коваленкомен күресіп, оны ерекше әдіспен лақтырды. Осынау сәттің видеосын Коваленко өзінің Instagram-парақшасында бөліскен.

Айта кетейік, осы маусымда Нұралы Әліп зенит сапында 23 ойын өткізді. Оның командасы Ресей біріншілігінде екінші орында келеді.

Қазір Ресей командалары үзіліс алған. Ішкі чемпионат наурыз айының басында жалғасатын болады.

Материалда: