Юденковтың айтуынша, небәрі екі жыл бұрын олар «Қайсар» базасында бірге тұрып, қарапайым жағдайда өмір сүрген
Беларусь футболшысы, қазіргі уақытта «Атырау» сапында ойнайтын Руслан Юденков алматылық «Қайрат» клубының футболшысы Валерий Громыко туралы әсерлі естелігімен бөлісті.
Юденковтың айтуынша, небәрі екі жыл бұрын олар «Қайсар» базасында бірге тұрып, қарапайым жағдайда өмір сүрген.
«Валерий үшін өте қуаныштымын. Екі жыл бұрын біз онымен «Қайсар» базасында бірге тұрдық, мультиваркада макарон пісіріп жейтін едік (күлді). Ал қазір ол Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар Лигасында мадридтік «Реалға» қарсы ойнады. Бұл – ертегі сияқты! Оның жетістігіне қуаныштымын», – деді Юденков.
Громыконың жетістіктері
2025 жылғы маусымда Валерий Громыко «Қайрат» сапында:
Сонымен қатар, ол клубымен бірге ҚПЛ-2025 чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.