«Тобылдың» құрамы тағы бір легионермен толықты

Редактор
01.02.2024, 09:22

Бұған дейін ол Ресейде ұзақ уақыт доп тепкен

Чемпионат

Қостанайдың «Тобыл» футбол клубы серб Иван Миладиновичті өз қатарына қосты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Миладинович Сербияның Чуприя қаласында дүниеге келген. Футболдағы алғашқы қадамын «Ягодина» жасөспірімдер командасында бастады. Кейін Сербия ойыншысы «Табане», «Слога» және «Раднички» сияқты клубтарда ойнады. 

2018 жылы ресейлік «Сочи» клубымен келісім-шартқа отырды. Содан кейін ол «Нижний Новгородта» бір жыл өткізіп, «Сочиге» қайта оралды. «Сочи» сапында Иван 116 матчта алаңға шығып, 3 гол соқты, 4 нәтижелі пастың авторы атанды.

Туған күні: 14 тамыз 1994 

Бойы: 189 см 

Салмағы: 83 кг 

Позиция: қорғаушы 

Азаматтығы: Сербия