Жарнама
Жарнама

«Заңгерлер қайда қарап отыр?». Белгілі журналист Давид Лорияның Үкіметте берген есебін сынады

Редактор
04.11.2025, 15:14

Атап айтқанда, белгілі спорт журналисі, «Время» басылымының тілшісі Игорь Новолин мұны «заңды белшесінен басқан әрекет» деп бағалады

Photo source: Instagram/Давид Лория

Бүгін өткен Үкімет отырысында Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория отандық футболдың дамуы, клубтарды жекешелендіру және стадиондар салу мәселелері бойынша баяндама жасады. Бұл жағдай қоғамда қызу талқыға түсті.

Атап айтқанда, белгілі спорт журналисі, «Время» басылымының тілшісі Игорь Новолин мұны «заңды белшесінен басқан әрекет» деп бағалады.

«Бүгін футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Үкімет алдында есеп беріпті. Бірден заң мен тәртіп иісі емес, соның жоқтығы сезілді», – деп жазды Новолин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Журналистің айтуынша, Қазақстан футбол федерациясы – қоғамдық ұйым, сондықтан оның Үкіметке есеп беруі заң тұрғысынан дұрыс емес.

«Федерация – қоғамдық ұйым, ол мемлекеттік орган емес және Үкіметке есеп беруге міндетті емес. Африка елдерінде мұндай жағдайлар үшін ФИФА тіпті ұлттық федерацияларға санкция салған болатын. Бас хатшының өзі мұны білмейтін шығар, бірақ Үкіметтегі заңгерлер қайда қарап отыр?» – деп жазды ол.

Сонымен қатар Новолин Давид Лорияның баяндамасында жекешелендіру мәселесін көтергенін де сынға алды.

«Ол өзіне де, федерацияға да тиесілі емес мүліктің жекешелендірілуі туралы баяндама жасаған. Мұндай құқықтық бейберекетсіздік Байшақов пен Әубәкіров дәуірімен бірге кеткен деп ойлағанмын. Бірақ тіпті сол кездегілердің өзі мұндай бассыздыққа барған емес», – деді журналист.

Реклама
Реклама

Материалда: