Жарнама
Жарнама

Өзбек футболшысы Осимхенді артта қалдырды

Редактор
08.11.2025, 18:12

Өзбек футболшысы чемпионаттағы сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шықты

Turkspenjasi

«Истанбул Башакшехир» клубының шабуылшысы Элдор Шомуродов Түркия Суперлигасының 12-турындағы сырт алаңдағы матчта «Генчлербирлиги» командасының қақпасына гол соқты (1:2).

Бұл гол өзбек футболшысына чемпионаттағы сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді.

Алайда Шомуродовтың голы командасын жеңістен сақтап қала алған жоқ. Ойынның 35-минутында алаң иелері Талиссон Келвеннің соққысынан кейін есеп ашты. 46-минутта Шомуродов таразы басын теңестірді. Бірақ 53-минутта М’Байе Ньянг пенальтиден дәл соққы жасап, матчтың жеңіс голын енгізді.

Әзірге 30 жастағы Элдор Шомуродов Түркия чемпионатында өткізген 12 матчта сегіз гол соғып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Осылайша, ол «Трабзонспор» шабуылшысы, нигериялық Пол Онуачуды (7 гол) басып озды. Ал «Галатасарай» жұлдызы Виктор Осимхен әзірге небәрі үш гол соққан.

Айта кетейік, бұл - Шомуродовтың Түркия Суперлигасындағы алғашқы маусымы. «Башакшехир» құрамында Элдор Шомуродовтан бөлек тағы бір өзбекстандық Аббосбек Файзуллаев өнер көрсетіп жүр.

Реклама
Реклама