Жарнама
Жарнама

«Барыс» өз айдынында ресейлік «Сочиді» қабылдайды

Редактор
21.12.2025, 11:24

Қос команда бұған дейін 23 рет кездескен

«Барыс» хоккей клубы

«Барыс» хоккей клубы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуін елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізеді. Ойын Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.

Қос команда бұған дейін 23 рет кездесіп, оның 16-сында елордалық клуб айқын басымдық танытты. Қалған матчтарда жеңіс «Сочидің» еншісінде. Соңғы бес ойынның біреуінде ғана «Барыс» бүгінгі қарсыласынан есе жіберген.

Қазіргі турнир кестесінде «Барыс» 34 ұпаймен 17-орында тұр. «Сочи» болса, 23 ұпаймен 22-сатыға жайғасқан.

Елордалық клуб алдағы үш ойынын да өз айдынында өткізеді. 23 желтоқсанда Челябінің «Тракторымен», 25 желтоқсанда Екатеринбургтің «Автомобилисімен», ал 27 желтоқсанда Хабаровскінің «Амурымен» шеберлік байқасады.

Реклама
Реклама