«Барыс» жеңілістер сериясын жалғастырды

Редактор
07.02.2024, 07:25

Астаналық команда соңғы сегіз матчта жеңілді

Барыс ХК

ҚХЛ-дің кезекті туры аясында «Барыс» өз айдынында «Амурды» қабылдап, 0:2 есебімен жеңілді. 

Айта кету керек, Хабаровск қаласынан келген командамен «Барыс» соңғы үш күнде екі рет ойнап, екеуінде де жеңіліп отыр. Алғашқы матчтың негізгі бөлігі 2:2 есебімен тең аяқталып, овертаймда «Амур» басымдық танытқан еді.

Олег Болякин шәкірттері осылайша Шығыс дивизионында соңғы 12-орында келеді. Олар соңғы сегіз ойынды қатарынан жеңілді. Енді 8 ақпанда өз айдынында жарыс фавориттерінің бірі – мәскеулік СКА командасын қабылдайды.

Материалда: