Үш адам қаза тапты
АҚШ-та хоккей матчы кезінде қарулы шабуыл болды. Қайғылы оқиға Lynch Arena аренасында, Потакет қаласында өткен ойын барысында орын алған. Бұл туралы WPRI-TV хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаруды оқушылардың бірінің әкесі қолданған. Ол басқа бір оқушының отбасы мүшелеріне оқ атқан. Оқиға салдарынан бір әйел сол жерде көз жұмды. Тағы бір адам ауруханада алған жарақатынан қайтыс болды. Үш адам түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Полицияның хабарлауынша, күдікті кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Құқық қорғау органдарының болжамынша, қайғылы жағдайға отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің есімдері әзірге жарияланған жоқ. Белгілі болғандай, ауруханаға түскен азаматтардың жағдайы ауыр.
Қала мэрі Дон Гребьен болған жайтқа байланысты көңіл айтып, «Бұл қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің барлығына және олардың отбасыларына дұға тілейміз» деп мәлімдеді.