IA дивизионындағы әлем чемпионатының алғашқы туры басталды
Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатының алғашқы турында қазақстандық хоккейшілер Литваны 4:1 есебімен жеңді.
Ойынның басында литвалықтар жылдам гол соғып, есепте алға шыққан. Екінші минутта Айварас Бендзиус басымдықты сәтті пайдаланды. Бірақ матчтың шешуші сәтінде Қазақстан құрамасы толықтай басымдық танытты.
Үшінші кезеңде қазақстандық хоккейшілер қатарынан төрт шайба соқты. Алдымен Кирилл Савицкий есепті теңестірді. Кейін Артур Ғатиятов Қазақстанды алға шығарса, Семен Симонов есепті ұлғайтты. Кездесудің соңына қарай Федор Хорошев бос қақпаға шайба енгізіп, матчтың нүктесін қойды.
Қақпашы Андрей Шутов та сенімді ойнап, қарсыластың 13 соққысының 12-сін қайтарды. Матчтан кейін Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы ретінде Кирилл Савицкий марапатталды.
Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. Қазір дәл осындай ұпай Франция құрамасында да бар. Олар алғашқы кездесуде Жапонияны жеңген болатын.
Еске салсақ, IA дивизионында алты команда өнер көрсетеді. Турнир қорытындысы бойынша үздік екі құрама элитаға көтеріледі, ал соңғы орын алған команда төменгі дивизионға түседі.