Келесі матчта «Барыс» «Амурмен» кездеседі
Астаналық «Барыс» Уфада өтіп жатқан Башқұртстан Республикасы кубогындағы алғашқы матчында «Салават Юлаевтан» 1:4 есебімен жеңілді.
Алаң иелері 15-минутта есеп ашты. Бірінші кезең аяқталғанша Әлихан Өмірбеков таразы басын теңестірді – 1:1. Алайда екінші кезеңде уфалықтар қайта алға шықты да, матч соңында тағы екі шайба соғып, жеңісті түйіндеді.
«Барыс» турнирге толық құраммен барған жоқ. Джастин Бэйли мен Мэйсон Морелли құжаттарын рәсімдеп жатыр, ал Әлихан Әсетов жарақатынан кейін жеке бағдарлама бойынша қалпына келуде.
Команданың жаңа маусымдағы капитаны – Кирилл Савицкий. Оның ассистенттері Джейк Масси, Самат Данияр және Мэйсон Морелли болады.
Келесі матчта «Барыс» «Амурмен» кездеседі, ал 20 тамызда «Ладаға» қарсы ойнайды.