«Барыс» капитаны жылына 100 млн теңге жалақы алатыны белгілі болды

Редактор
29.04.2024, 15:27

Жалақыны ол Ресей рублімен алады

Барыс ХК

«Барыс» капитаны Роман Старченконың жаңа келісімшарт бойынша қанша жалақы алатыны белгілі болды. Бұған дейін ойыншымен келісімшарт 2025 жылғы 30 сәуірге дейін созылғаны айтылған.

Дереккөз мәліметінше, алдағы маусымда қазақстандық шабуылшының жалақысы 21 млн рубль болады. Яғни теңгемен есептесек, 99 миллион 742 мың теңге. Былайша айтқанда, 100 миллинға жақындады. Ал қазір ол 19 млн рубль яғни 90 миллион теңге алып жүр.

Бұл Старченконың «Барыс» сапындағы 16-жылы болмақ. 2023/24 маусымда ол бір команда құрамында өткізген матчтар саны бойынша Құрлықтық хоккей лигасында рекорд (астаналықтар сапында 783 ойын) орнатқан. Осылайша, Лигада 800 ойынды еңсерген оныншы хоккейші атанды. 

Өткен тұрақты чемпионатта ол 43 матчта 19 (4+15) ұпай жинады.

Сонымен қатар ол «Спартак» (Мәскеу) және «Казцинк-Торпедо» клубтарында ойнаған.