Хоккейден әлем чемпионатында еліміздің жастар құрамасы жоғары дивизионынан шығып қалды

Редактор
02.05.2024, 16:40

Ұлттық құрама бес ойынның төртеуінде жеңілген

Шайба.кз

Хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін элиталық дивизионынан шығып қалды.

Шешуі кездесуде ұлттық құрама хоккейшілері Норвегияға жол беріп, өз тобында соңғы орынға тұрақтады. Матчтың негізгі уақытында есеп 5:5 нәтижесімен аяқталып, буллиттер сериясында Георгий Верещагин шәкірттері есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бес ойыннын төртеуінде жеңіліп, біреуінде жеңіске жетті. Атап айтқанда, Швейцариядан – 5:2, Швециядан – 1:7, Канададан – 3:11 және Норвегиядан 5:6 есебімен жеңілсе, Чехияны 4:3 есебімен жеңді.

Бұл сын Қазақстан жас хоккейшілері үшін әлем чемпионатының элиталық дивионындағы екінші сын болып отыр. Алғаш рет жастар құрамасы 2003 жылы қатысып, тарихи жетістікке қол жеткізген еді.

Енді  ұлттық құрама 2025 жылы әлем чемпионатын бірінші дивизионда бастайды.