Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ойсырай жеңілді

Редактор
12.05.2024, 19:29

Қазақстан сапынан қос шайбаны да қазақ хоккейшілері соқты

Шайба.кз

Чехияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы екінші кездесуін Словакиямен өткізді және 2:6 есебімен ойсырай жеңілді.

Қазақстан құрамасынан екі шацбаны да қазақ хоккейшілері соқты, олар – Әлихан Әсетов пен Әлихан Өмірбеков.

Енді Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 14 мамырда Латвияға қарсы өткізсе, словакиялық хоккейшілер 13 мамырда АҚШ-пен ойнайды. 

Айта кетейік, әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді.

Қазақстан құрамасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.

Словакия - Қазақстан - 6:2

  • 1:0 - Поспишил (Немец, Слафковски) - 11:54
  • 2:0 - Фашко-Рудаш (Кох, Сукель) - 12:28
  • 3:0 - Сукель (Фашко-Рудаш, Гайдош) - 17:56
  • 3:1 - Әсетов (Данияр, Мухаметов) - 23:02
  • 4:1 - Гудачек - 28:28 Буллит
  • 5:1 - Поспишил (Гудачек) - 41:18
  • 6:1 - Цингель (Гудачек) - 45:06
  • 6:2 - Өмірбеков (Михайлис, Данияр) - 51:05.