Қытайлық хоккейшілерді қуып жүріп сабаған Дамир Рыспаев «Барыс» – «Куньлунь» ойынында айдынға шықты

Редактор
10.11.2023, 21:43

Жанкүйерлер оны жылы қарсы алды

Фото ашық дереккөзден

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында Астанада жергілікті «Барыс» қытайлық «Кунлунь» командасымен кездесті. Астаналық клуб бұл жолы да жеңілді. Ал, матчтың басты оқиғасы – айдынға Дамир Рыспаевтың шығуы болды.

«Барыстың» әйгілі экс-қорғаушысы аталған ойынға қонақ ретінде келген. Ол кездесу басталар алдында қос команданың капитандарының қолын алып, ойынды бастап берді.

Рыспаевты әйгілі дейтініміз – ол 2016 жылы дәл осы «Барыс» – «КуньЛунь» арасындағы матчта төбелес шығарып, айдындағы қытайлық хоккейшілерді түгел сабап ұрған. Одан кейін ол ұзақ жылға хоккейден шеттетілді. Бүгінде небәрі 28 жастағы Рыспаев кәсіпқой спортпен қош айтысқан.