Қазақстандық шабуылшы Максим Мусоров "Барыс" хоккей клубымен келісімшартқа отырды

Редактор
01.10.2023, 10:21

Қазақстандық шабуылшы Максим Мусоров "Барыс" хоккей клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Фото prosports.kz

Астаналық клуб мәліметінше, екі жақты келісім бір жылға есептелген. Бүгін шабуылшы негізгі командаға қосылу керек. 

22 жастағы Мусоров "Барыс" сапында бұған дейін де ойнаған. Сонымен қатар, ол "Снежные Барсы" және "Номад" командалары үшін өнер көрсеткен. Хоккейші Қазақстан құрамасына да шақыртылып жүр. 

Материалда: