Суық хабар. 19 жастағы қазақстандық спортшы қайтыс болды

Редактор
03.08.2024, 20:31

19 жастағы Пыленок өткен маусымда 16 матчқа қатысқан

Shaiba.kz

Өскеменде қазақстандық 19 жастағы қақпашы көз жұмды.

2 шілде күні Өскеменнің «Торпедо» жастар клубының қақпашысы Иван Пыленок Мұз айдыны сарайында өзін жайсыз сезініп, спорт кешенінің дәрігерлері мен қызметкерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

«Торпедо» хоккей клубы Иванның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол біздің жадымызда талантты, мақсаты биік спортшы ретінде қалады. Бұл бәріміз үшін орны толмас қаза», - делінген мәліметте.

19 жастағы Пыленок өткен маусымда «Жастар» клубының жастар лигасында 16 матчқа қатысқан.

2022/23 маусымда Пыленок өзінің «Торпедо» командасы сапында екі матчқа қатысты.

Материалда: