«Барыс» жеңілістен көз ашар емес: астаналықтар бұл жолы «Динамодан» осырай ұтылды

Редактор
14.09.2024, 00:21

Бесінші ойынын «Барыс» сырт алаңда «Автомобилистпен» өткізеді

Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы басталғалы бері Астананың «Барысы» әлі бірде-бір ойында жеңіске жеткен жоқ. Бар-жоғы төрт матч өткізген Немировски шәкірттері бәрінде де жеңілді.

13 қыркүйекте «Барыс» өз алаңында Минсктен келген «Динамоны» қабылдаған. Алғашқы кезеңде командалар 1:1 есебімен тарасқанымен, қалған екі кезеңде белорустік клуб Бояркин күзеткен қақпаға жауапсыз төрт шайба соқты. Қорытынды есеп – 1:5, «Барыс» ойсырай жеңілді.

Бұған дейін астаналық клуб «Амурдан» да дәл осындай есеппен тізе бүксе, оның алдында «Тракторға» 1:4 есебімен есе жіберді.

Астаналықтардың бас бапкері Дэвид Немировски болса есепте жеңілгенмен, «Барыстың» ойыны едәуір жақсарғанын айтып отыр. Келесі матчта бұдан жақсы нәтиже көрсетеміз деп ақталды ол.

Келесі ойынын «Барыс» сырт айдында 17 қыркүйекте «Автомобилистке» қарсы өткізеді.

Материалда: