Алматыда хоккейден Азия чемпионаты өтеді

Редактор
03.10.2024, 11:39

Жапония, Корея және Қытай командалары қатысады

ҰОК

Халықаралық хоккей федерациясы алғаш рет хоккейден Азия чемпионатын Қазақстанда өткізетін болды. Құрлық біріншілігі 6-9 қараша күндері аралығында Алматыдағы Halyk Arena стадионында өтпек. 

Бұл сында Қазақстан құрамасының қарсыластары Жапония, Корея және Қытай командалары болады.  

Halyk Arena-да халықаралық хоккей жарыстары 2017 жылғы Универсиада аясында өткен болатын. Сол жолы еліміздің студенттер құрамасы күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжіңде өтеді. Чемпионатқа Қазақстан, Жапония, Корея және Қытай елдерінің құрамалары да қатысады.