«Спартак» бапкері «Барысты» ешқандай дайындықсыз жеңгенін айтты

Редактор
04.10.2024, 11:18

«Барыс» бұл маусымда 10-шы рет жеңіліске ұшырады

hcbarys.kz

Астананың «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ-да күнде жеңіледі. Кеше түнде Мәскеуде «Спартакка» есе жіберді. Қарсылас команданың бапкері Алексей Жамнов шәкірттерінің аса қатты дайындық жүргізбегенін айтты.

Бұл ойын 4:2 есебімен «Спартактың» пайдасына шешілді. «Барыс» маусымда 10-шы рет жеңілді.

«Біздің жігіттер бұл матчқа аса қатты мән беріп дайындалған жоқ», -дейді Алексей Жамнов.

Айта кетейік, «Барыс» биыл 12 ойын өткізіп, тек ек рет жеңді. Қалған матчтың барлығында ұтылды. Турнир кестесінде соңғы орында тұр. Команданы күшейтеуге тек екінші сортты ресейлік ойыншыларды шақырып жатыр.

Материалда: