Жеңілістен көз ашпаған «Барыстың» бас директоры отставкаға кетті

Редактор
10.10.2024, 00:21

Команда қатарынан екінші жыл турнир кестесінің соңғы орнында тұр

Барыс ХК

Астананың «Барыс» хоккей клубы бас директор Борис Иванищевтің отставкаға кеткені туралы ресми мәлімдеме жасады. Клуб былтыр да, биыл да Құрлықтық хоккей лигасында сүреңсіз ойын көрсетті.

Бас директордың қызметтен қуылуына осы жайт себеп болса керек.

«Иванищев Борис «Барыс» хоккей клубының бас директоры қызметінен кетті», — делінген команданың әлеуметтік желідегі парақшасында.

2018 жылғы мамырда 59 жастағы Иванищев Астана қаласынан шыққан ұжымның президенті болып тағайындалды.

Айта кетейік, қазір Вячеслав Буцаев шәкірттері Құрлықтық хоккей лигасында Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде соңғы 12-орында тұр.