Ғалым Мәмбеталиевтің ұлы «Барыс» клубында қызметке тағайындалды

Редактор
25.10.2024, 15:31

Руслан Мәмбеталиев - Теміртау хоккей клубының тәрбиеленушісі

«Барыс» ХК

Ғалым Мәмбеталиевтің ұлы Руслан Мәмбеталиев «Барыс» БЖСМ директоры болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың бас директоры Нұрлан Оразбаев мәлімдеді.

«Хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Болатұлы Қитаровтың орнына Руслан Мәмбеталиев қызметке кірісті. Неліктен таңдау соған түсті? Біріншіден, ол өзі кәсіби түрде өнер көрсеткен, карьерасын аяқтаған соң он жыл бойы балалар бапкері болды. Бізге басшылық қызметте тәжірибесі бар әрі хоккей мектебін басқара алатын адам керек болды. Астанада ол "Бригантина" хоккей мектебін құрып, әрі қарай оны Алматыға шақырды. Ол жақта Руслан "Алма-Ата" жеке мектебін басқарды. Бұл үлкен тәжірибе, жеке мектепті басқару өте қиын әрі күрделі жұмыс», - деді клуб басшысы.

Айта кетейік, Руслан Мәмбеталиев - Теміртау хоккей клубының тәрбиеленушісі. Карьерасында "Барыс-2", "Сарыарқа", "Арлан" және "Горняк" клубтарында ойнаған.