Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Барыс» қарсыласын буллитте ұтты

Редактор
03.11.2024, 21:14

5 қарашада «Барыс» өз айдынында Қазанның «Ак Барспен» кездеседі

Sports.kz

Астананың «Барысы» Құрлықтық хоккей лигасының аясында өз айдынында Нижнекамскінің «Нефтехимик» клубын қабылдады.

Қонақтар соңғы үш ойын қатарынан жеңіліске ұшырағанымен, сарапшылар бұл матчта ресейлік ұжымды фаворит санады.

Ғалым Мәмбеталиев айдынға мына құрамды шығарды: Бояркин (Маттссон) — Бекетаев-Данияр, Жафяров-Николишин-Бурдасов; Камалов-Хохлов, Панюков-Өмірбеков-Әсетов; Гайтамиров-Бутенко, Рахманов-Бойко-Сетдиков; Королев-Оразов, Мұратов-Логвин-Савицкий.

Алғашқы кезеңде қонақтар есеп ашса, екінші кезеңде Кирилл Савицкий таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде жанкүйерлер гол көрген жоқ, есесіне Әлихан Әсетов пен Владислав Леонтьевтің төбелесіне куә болды. Овертаймда да ештеңе өзгермегенімен, буллиттер сериясында «Барыстың» жолы болды.

Енді 5 қараша күні «Барыс» өз айдынында Қазанның «Ак Барс» клубымен кездеседі.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) 2:1 Б (0:1, 1:0, 0:0, 0:0, 1:0)

Шайбалар:

0:1 — 19:35 Лещенко (Барбер, Митякин)

1:1 — 29:44 Савицкий (Камалов, Муратов)

2:1 — 65:00 Мұратов. Буллит

Қақпышылар: Бояркин — Долганов

Жарнама
Жарнама

Материалда: