«Сарыарқа» ХК Нығматуллиннің қолына қалай тап болды? Әкім жауап берді

Редактор
06.11.2024, 15:53

Құны 900 миллион теңгеге бағаланған клуб мемлекетке қайтарылған

ОКҚ

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Сарыарқа» хоккей клубын мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты пікір білдірді. Естеріңізде болса, шілде айында құны 900 миллион теңгеге бағаланған клуб мемлекетке қайтарылған.

ОКҚ брифингінде журналистер әкімнен клубтың жеке адамдардың қолына қалай тап болғанын, мұның қаншалықты заңды екендігін және Нығматуллиндер отбасымен, соның ішінде Арғын Нығматулинмен қаншалықты байланысты екенін сұрады.

«Хоккей клубы, егер инвестор белсенді түрде айналысатын болса, ұзарту шартымен сенімгерлік басқаруға берілген. Мерзімі аяқталғаннан кейін клуб мемлекеттік меншікке қайтарылды. Іс жүзінде клубқа ешқандай ғимарат немесе мүлік берілмеген — бұл тек клубтың өзі, құжаттама және бірнеше принтер. Қазір клуб қайтадан біздің меншігімізде», — деді Бөлекпаев.

Тілшілер облыс басшысынан бұл іске Арғын Нығматулиннің қаншалықты қатысы барын нақтылап және прокуратураның неліктен аталған клубты заңсыз иемдену туралы мәлімет таратқанын сұрады.

«Мен бұл туралы оқыған да, естіген де емеспін. Бұл сенімгерлік басқару болатын және ол қайтарылды. Неліктен екені анықталған жоқ. Арғын Нығматулин бес жыл басқарып, сонан соң қайтарды. Қалай бар, солай қайтарды», - деді әкім.