Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Барыс» ҚХЛ чемпионын жеңіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты

Редактор
20.11.2024, 23:38

Келесі ойынды астаналықтар өз алаңында «Авангардқа» қарсы өткізеді

Барыс ХК

Астананың «Барыс» хоккей клубы директоры мен бас бапкері ауысып, легионерлерден құтылғалы тәуір нәтиже көрсете бастады. ҚХЛ-дың кезекті туры аясында өз айдынында Магнитогорсктың «Металлург» командасын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кету керек, «Металлург» ҚХЛ-дың соңғы маусымында чемпион атанған. Биыл да негізгі фавориттердің қатарында.

Ойын бастала салысымен «Барыс» қарқынды шабуылға көшкен. Небәрі екінші минутта Максим Мухаметов есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Алайда, араға санаулы минут салып «Металлург» ойыншысы Силантьев есепті теңестірді.

Ал, екінші кезеңде Кирилл Панюков «Барыстың» екінші шайбасын соқты. Мұнан кейін қос команда да қақпаға шайба дарыта алмады, ойын соңына дейін осы есеп сақталды.

Айта кету керек, маусымда өте сәтсіз бастаған «Барыс» екі рет бас бапкерін ауыстырып, қазір команданы Ғалым Мәмбетәлиев жаттықтырып жатыр. Ол келгенге дейін турнир кестесінің соңғы сатысында болған астаналықтар қазір 11-орынға көтеріліп, плей-офф аймағына жақындай түсті.

Келесі ойынды «Барыс» өз алаңында «Авангардқа» қарсы өткізеді.

Жарнама
Жарнама