Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатын масқарамен аяқтады

Редактор
03.01.2025, 09:51

Сергей Старыгин шәкірттері топтық кезеңдегі барлық ойында жеңілген

Қазақстан хоккей федерациясы

Канадада өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы масқарамен аяқтады. Біздің ұлттық құрама бірде-бір матчта жеңіске жете алмай, элиталық дивизионнан «ұшып кетті».

Соңғы матчты Сергей Старыгин шәкірттері Германияға қарсы өткізген болатын және үш ұпай иеленетін керемет мүмкіндігі уыстан шығарып алды. 3:1 есебімен алда тұрған Қазақстан ойыншылары өз қақпасына қатарынан екі гол жіберіп алса, овертаймда «неміс машинасын» тоқтату болған жоқ.

Осы ретте айта кету керек, Германия хоккейшілері төрт шайбаның үшеуін сан басымдығында жүріп соқты. Яғни, қазақстандық ойыншылардың соңғы матчтағы өрескел қателігі команданың элиталық дивизионнан шығып қалуына әкеліп отыр.

Қазақстан сапынан гол соққандар: Асанәлі Русланұлы (5-минут), Никита Ситников (18-минут), Артур Гросс (23-минут). Германия сапынан гол соққандар: Максим Шафер (5 және 24-минуттар), Юлиус Шумпф (45-минут).

Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңде бес матч өткізіп барлығында жеңілді:

  • Қазақстан – Швеция (1:8)
  • Қазақстан – Чехия (2:14)
  • Қазақстан – Словакия (4:5)
  • Қазақстан – Швейцария (1:3)
  • Қазақстан – Германия (3:4).
Жарнама
Жарнама