Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

«Барыс» ҚХЛ-да қатарынан сегізінші ойында жеңілді

Редактор
08.01.2025, 10:11

Елордалық клуб соңғы рет былтыр желтоқсан айында жеңіске жеткен еді

Барыс ХК

Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында Екатеринбургтің «Автомобилист» клубын қабылдады. 

Тартысты өткен матчта елордалықтар жеңіліп қалды. Негізгі ойын мен овертайм тең аяқталған – 2:2, ал буллиттер сериясында «Автомобилист» хоккейшілері мергендік танытты – 3:0.

Қонақтар сапынан Алексей Бывальцев пен Семён Кизимов көзге түссе, айдын иелерінен Әділ Бекетаев пен Никита Сетдиков бір-бір шайбадан соқты.

Осылайша, Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері қатарынан сегізінші рет жеңіліс тауып отыр. Елордалық ұжым соңғы рет 2024 жылғы 17 желтоқсанда «Динамоны» ұтқан (2:0).

Жарнама
Жарнама