Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Әкімдік «Ақтөбе» клубын қаржыландырмайтын болды

Редактор
20.01.2025, 11:23

Команда биыл жабылуы әбден мүмкін

"Ақтөбе" ХК

«Ақтөбе» хоккей клубы енді мемлекет тарапынан қаржыланбайтын болды. Бұл туралы Shaiba.kz сайты жазды. 

Дереккөздің мәліметінше, «Ақтөбе» осы маусымды аяқтап, әрі қарай лигада өнер көрсетпейді. Редакцияға Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан жергілікті хоккей федерациясына ресми хат келіп түскен.

«Ақтөбе облысы мәслихаты сессиясының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 187 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен Ақтөбе облысынан ерлер хоккей командасын қаржыландырмау бекітілген. Ал 2024-2025 жылға маусымға облыстық бюджеттен 286 104 038 теңге бөлінген», - делінген аталған хатта.

«Ақтөбе» биыл лигада 34 ойында 35 ұпай жинап, Pro Hokey League турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Материалда: