Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстан хоккейшілері Жапонияны ойсырата жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды

Редактор
14.02.2025, 13:56

Қыздар құрамасы күміс жүлдегер атанып отыр

Нұрғали Жұмағазы

Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Харбиндегі (Қытай) қысқы зия ойындарының чемпионы атанды. Финалда Олег Болякин шәкірттері Жапония құрамасын 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Бас бапкер айдынға мына ойыншыларды шығарды: Шутов (Павленко); Данияр-Бекетаев, Өмірбеков-Старченко-Рымарев; Бреус-Гайтамиров, Панюков-Савицкий-Лихотников; Степаненко-Михайлов, Оспанов-Гренц-Колесников; Бутенко-Королев, Буяльский-Борисевич-Чапоров.

Ойынның бірінші кезеңінде Андрей Буяльский есеп ашқан. Екінші кезеңде Дмитрий Бреус пен Роман Старченко бір-бір шайбадан соғып, есепті 3:0-ге жеткізді. Ал, шешуші кезеңде Кирилл Панюков дубль авторы атанып, Қазақстан құрамасына сенімді жеңісті алып келді.

Еске салайық, хоккейден Қазақстанның қыздар құрамасы бүгін Азиаданың күміс жүлдегері атанды. Бірінші орын Жапонияға бұйырса, қоланы Қытай қанағат тұтты.

Ал, Қазақстан жалпыкомандалық есепте 4 алтын медальмен төртінші орынға тұрақтады. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең төменгі көрсеткіш.

Жарнама
Жарнама