Ойын барысында хоккейшілер арасында жаппай төбелес тіркелді
Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында Астананың «Барысы» сырт айдында «Амурмен» (Хабаровск) кездесіп, тағы да ірі есеппен жеңілді.
Бірінші кезеңде айдын иелері «Барыс» қақпасына жауапсыз үш шайба соқты. Алдымен Олег Ли көзге түссе, артынша Барулин мен Грачев бір-бір голдың авторы атанды.
Ал, екінші кезеңде командалар тағы бір-бір шайбамен алмасты. Алдымен Олег Ли есепті 4:0-ге жеткізген. Астаналық клуб сапынан Роман Старченко жауап қайтарды.
Үшінші кезеңде «Барыс» есепті қысқарта алған. Алайда, Олег Ли хет-трик авторы атанып, ойындағы соңғы нүктені қойды, қорытынды есеп – 5:2.
Қос команда 17 наурызда өзара тағы бір матч өткізеді. Қазіргі таңда екеуі де турнирдің аутсайдері саналады. «Амур» 11-орында болса, «Барыс» соңғы 12-орыннан көтеріле алмай келеді.