Қазақстан құрамасы Норвегияны жеңіп, Венгриядан жеңіліп қалды
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатының жоғарғы дивизионынан шығып қалудың алдында тұр.
Дегенмен Олег Болякин жаттықтыратын команданың элитада қалуға әлі де мүмкіндігі бар. Қазақстан құрамасы Швейцарияға қарсы соңғы матчқа дейін-ақ жоғарғы дивизиондағы орнын сақтап қала алады.
Бірақ ол үшін Венгрия құрамасы Норвегиямен кездесуде негізгі уақытта жеңілмеуі тиіс. Егер норвегиялықтар мажарларды негізгі уақытта жеңсе, онда қазақстандық хоккейшілердің тағдыры соңғы матчта шешіледі, яғни жоғарғы дивизионда қалу үшін Швейцариямен матчта кем дегенде бір ұпай алу қажет.
Қазақстан құрамасының 2025 жылғы әлем чемпионатындағы ойындарына келсек, алғашқы кездесуде Қазақстан құрамасы Норвегияны 2:1 есебімен жеңді. Алайда көп ұзамай Венгриядан күтпеген жерден 2:4 есебімен жеңіліп қалды.
Қазіргі таңда В тобындағы командалардың жағдайы мынадай:
Швейцария — 16 ұпай (6 матч),
Чехия — 14 ұпай (5 матч),
АҚШ — 14 ұпай (6 матч),
Германия — 9 ұпай (5 матч),
Дания — 9 ұпай (6 матч),
Венгрия — 3 ұпай (6 матч),
Қазақстан — 3 ұпай (6 матч),
Норвегия — 1 ұпай (6 матч).