Қазақстандық 19 жастағы хоккейші АҚШ лигасында чемпион атанды

Редактор
21.05.2025, 10:55

Александр Ким қарсылас қақпасына бір шайба соқты

Shaiba.kz

АҚШ-тың Робертсон кубогы үшін өткен финалдық матчта «Бисмарк Бобкэтс» командасы «Лоун Стар Брамас» клубын 4:2 есебімен жеңіп, беделді трофейді иеленді. Бұл туралы Shaiba.kz порталы жазды. 

Аталған ойында «Бисмарк» сапындағы қазақстандық шабуылшы Александр Ким қарсылас қақпасына бір шайба соқты.

19 жастағы хоккейші биылғы маусымда Солтүстік Америка хоккей лигасының (NAHL) тұрақты чемпионатында 44 матч өткізіп, 28 (17 гол, 11 пас) ұпай жинаған. Ал плей-офф кезеңінде 13 кездесуде 7 (4+3) ұпай еншіледі.

Материалда: