Пара ретінде «Exirius» ЖШС басшысы оған 6,2 млн теңге берген
«Барыс» хоккей клубының бас директоры болып Сәкен Мұсайбеков тағайындалды.
Ол сонымен қатар Ұлттық Олимпиада комитетінде қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент, Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры қызметін де атқарады.
Айта кетейік, Сәкен Мұсайбеков 2021 жылы қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын. Ол букмекерлік қызмет саласындағы мүдделерге қолдау көрсеткен және жалпы қамқорлығы үшін пара алған. Пара ретінде «Exirius» ЖШС басшысы оған 6,2 млн теңге берген. Оның 4 миллионына Hermes әйелдер сөмкесі сатып алынған.
Кейін Мұсайбеков кінәсін мойындап, мемлекетке 62 млн теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылған еді.