«Нағыз мұсылман»: «Барыстың» жас хоккейшісі әр ойынға жайнамазын құшақтап келеді

Редактор
17.01.2024, 10:51

Десе де, команданың ойын нәтижелері көңіл көншітпейді

Барыс ХК

«Барыс» хоккей клубының 19 жастағы ойыншысы Руслан Оспанов команданың әр ойынына келгенде қолынан жайнамазын тастамайды. Бұл туралы «Головой Об Лёд/Хоккей Казахстана» телеграм-каналы жазды.

Жазба авторы жас ойыншының дін ұстанып, тура жолда жүруі құрмет көрсетуге лайық дейді.

«Нағыз мұсылман адам өзге де әлемдік дін өкілдері секілді бейбітшілік пен жақсылықтың жаршысы бола білуі керек. Тәкәппарлық пен менмендікті ысырып тастау үшін жас спортшыға тым болмағанда діни атрибутты өзімен бірге алып жүру жеткілікті сияқты», - деп жазылған аталған хабарламада.

Ал, «Барыс» хоккей клубының дәл қазіргі жағдайы аса мәз емес. Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астаналық команда қазір Шығыс дивизионында соңғы орындардың бірінде тұр.